Шымкентте жанармай құю бекеттерінің бірінде 11 тонна дизель отыны бар жерасты резервуарына найзағай түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 12 мамырда Шымкент қаласының ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне найзағай разряды жанармай құю бекетінің резервуарына түскені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға "Тұран" ауданында, Байтұрсынов көшесіндегі "Ладушки" кафесінің қасындағы "TS" жанармай құю бекетінде болған.
"Өрт болмады. Құтқарушылар резервуарға көбік құйып, цистернаны суытты. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!