Шымкентте жанармай және төгілген дизель отыны өртенді

Шымкентте жанармай және төгілген дизель отыны өртенді
Фото: Көрнекі сурет:twitter.com/DaveMichels

10 тамызда сағат 18:45-те Еңбекші ауданында жеке аумақта шатыр астында құрылыс материалдары, жанармай және төгілген дизель отыны өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Тілсіз жау 100 шаршы метрді қамтыды.

Өртсөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында өрт 19:04-те оқшауланып, 19:31-де толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД-ның 22 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ медицина апаттары орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек