Шымкентте жаңа туған нәрестені лақтырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр

Шымкентте жаңа туған нәрестені лақтырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр
Фото: elements.envato.com

Шымкент полицейлері 21 желтоқсанда өлі табылған жаңа туған нәрестенің анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция басқармасына жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру" бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыскерді табу үшін барлық қажетті шараны жасап жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан