Шымкентте жалған құжат жасаумен айналысқан ер адамға іздеу салынды

Шымкент полициясы жалған құжат жасаумен айналысты деген күдікке ілінген ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство қызметкерлері күдіктінің фотосын жариялап, тұрғындардан ер адамның кім екенін анықтауға көмектесуді өтінді.

Күдіктінің кім екенін немесе оның қайда екенін білетіндер 102 немесе 8-701-216-46-46 телефондарына хабарласа алады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!