- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте жалған еуро...
Шымкентте жалған еуро сатқандар 5 жылға сотталды
Шымкент қаласының екі тұрғынына қатысты 4000 еуро сомасында жалған ақшаны сату туралы іс аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша купюраларын сатқан. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген адамға халықаралық іздеу жарияланып, биыл наурызда ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Маусымда күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді. Сот үкімімен бұл адамдар кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дүние жүзін бөлісу қалай аяқталды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова