Шымкентте халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын ұстады. Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.
Қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты.
Тәртіп сақшылары оның ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылар қатарынан екенін анықтады.
"Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанға жылына қанша шетелдік турист келеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!