- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте халықаралық іздеуде...
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған.
Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды.
Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан