Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып келген. Жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетелдікті ұстады. Олардың бірінің жеке басын анықтау кезінде Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды.
Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Алайда шетелдіктен ешқандай қару табылмады.
"Қазір күдікті қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!