- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте "гүл дүкенін...
Шымкентте "гүл дүкенін тонады" деп айыпталған экс-полицейге қатысты тергеу қорытындысы жарияланды
Полиция департаменті 2023 жылы Шымкенттегі гүл сататын дүкеннен шыққан шулы видеоға түскен бұрынғы полицейге қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылдың тамыз айында әлеуметтік желіде ер адам Шымкенттегі гүл салонында қолында қайшымен "Romantic" дүкенінің қызметкерлерін дене жарақатын саламын деп қорқытқаны туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі видео көпшілік арасында резонанс тудырды. Кейінірек прокуратура видеодағы ер адамның ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ер адамның жеке басын анықтаған полицейлер оны заңсыз әрекеті үшін жеті тәулікке қамауға алды. Артынша желіде атышулы видеоның кейіпкерінен кешірім сұраған бейнеүндеу пайда болды.
2024 жылы 11 наурызда құқық қорғау органының бұрынғы қызметкеріне қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.
"Оған қатысты бұрын тіркелген қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Оның шешімін Шымкент қалалық прокуратурасы келісіп, бекітті", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы