Шымкентте полицейлер жоғалған 56 жастағы әйелді тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғалған адамның туыстары оның қаланы білмейтінін, есте сақтау қабілеті тұрақсыз екенін айтқан. Ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
"Жоғалған адамның жүрген жерін анықтауға полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары ол баруы мүмкін орындарды аралап, камералардағы жазбаларды тексеріп, көру-білуі мүмкін адамдардан сұрастырды", - деп жазылған хабарламада.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің инспекторлары әйелді аман-есен тауып, қызымен қауыштырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз