Шымкентте есірткі заттары телеграм арқылы жарнамаланып жүрген

Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм-каналдары бұғатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм-каналдары анықталды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм-каналдары бұғатталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз