- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі қылмысы
Шымкентте есірткі саудасымен айналысқандар ұзақ жылға сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ә. және С-ға қатысты ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3, 5-тармақтарымен (аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, заңсыз өткізу мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соттың анықтағаны:
Сотталушылар 2024 жылдың ақпан айында жұмыс іздеп, Телеграм арқылы белгісіз тұлғамен жылдам ақша табу мақсатында сөз байласқан.
Сол сайт арқылы тапсырыс бойынша Қайтпас-1 мөлтек ауданында, көше бойында газ құбырына психотропты затты жасырып жатқан жерінен ұсталып, тексеру барысында аса ірі мөлшерде психотропты зат - меткатинонның аналогы, жалпы салмағы 9,476 грамм мефедрон табылған.
Соттың тұжырымы немен бекітіледі?
Сотталушылар Ә. және С-ны тінту хаттамаларымен, кінәсін мойындап берген жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және өзге де құжаттармен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы:
Прокурор сотталушыларға әрқайсына 11 жыл 3 айдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сотталушылар жасаған қылмыстық әрекеті үшін шын жүректен өкініп, ең төменгі жазаны тағайындауды сұраған.
Сот не себепті және қандай жаза тағайындады?
ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушылар Ә. және С-ға ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарымен кінәлі деп танылып, әрқайсына 10 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеген.
Үкім заңды күшіне енген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина