Шымкентте есірткі сатумен айналысқан бір отбасының үш мүшесі ұзақ мерзімге сотталды

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды. Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының үш мүшесі мен олардың екі серіктесін анықтады.
 
Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.
 
Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!