Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеру кезінде полицейлер олардан "синтетика" салынған 50 орама тауып, тәркіледі.
Жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, оның координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырғаны анықталды.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тәртіп сақшылары есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!