Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды

Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер әр "закладка" үшін бір жарым мың теңгеден алған. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барған.

Олардан "мефедронның" жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейінгі аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 келі синтетика тәркіленді.

"Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын ескертеміз. Ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан