- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте ерлі-зайыпты пәтерден...
Шымкентте ерлі-зайыпты пәтерден өлі табылды
Шымкентте 7 наурызда 59 жастағы әйел мен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған.
Бұл туралы "Қазтрансгазаймақ" Шымкент өндірістік филиалы өкілдері хабарлады. Оқиға орнында апаттық бригада газ аспаптарын монтаждаудың бұзылғанын анықтады.
Басылым мәліметінше, үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шарты болмаған. Өлімнің нақты себебін сараптама көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина