Шымкенттің Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан тұрғыны Ерлан Тәжібаевты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті алу үшін таныстарымен алдын ала сөз байласып, Темірлан тасжолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.
"Тәртіп сақшылары аталған жайтты "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру" бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда Ерлан Тәжібаевқа қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды.
Сондықтан суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса бірден полицияның "102" арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды", - деп хабарлады полиция департаменті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!