- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте ер адамды...
Шымкентте ер адамды жұбайының көзінше көлік қағып кеткен
Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Kia көлігінің жүргізушісі 1976 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Басылым мәліметінше, ол рұқсат етілмеген жерден әйелімен бірге жүгіріп өткен.
Бәйтереков көшесіндегі оқиға салдарынан жаяу жүргінші есін жимастан, алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Оның жұбайы зардап шеккен жоқ.
Бұл дерек полицияда тіркелді. Қаже сараптамалар тағайындалды.
Куәгерлердің айтуынша, бұл көшеде бағдаршам оқиға орнынан небәрі 50 метр қашықта орнатылған.
Шымкент қаласының Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жаяу жүргіншілерді қырағы болуға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова