- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте ер адамды...
Шымкентте ер адамды аяусыз ұрып өлтірген күдікті ұсталды
Шымкентте ер адамды аяусыз ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 қазанда Әл-Фараби АПБ-ға Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза тапқан ер адамның жеке басын анықтады. Ол 1969 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру кезінде, ер адамдардың арасындағы жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.
Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" СДТБТ-ға тіркелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшеде аяуыз соққыға жығылған ер адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек