Шымкент полиция департаменті қаладағы дәмханалардың бірінде бейтаныс ер адамдардың қызды соққыға жығып кетуіне қатысты түсінік берді. Ведомство қазір бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 25 қаңтарда болған. Бір топ ер адам телефондарды сату үшін мекемеге кірген.
Кафе қызметкері олардан ғимараттан шығып кетуін сұрағанда, қызды ұрып-соғып кеткен.
"Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген Шымкент полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Полицейлер жарақаттың ауырлығы анықтағаннан кейін барлық қажетті шара дереу қабылданатынын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз