Шымкентте ер адам саябақта жыныс мүшесін шығарып ұстаған

Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды. Орталық саябақта бейтаныс ер адам күндіз мастурбация жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адамның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Видеода ол өз әрекетінен ұялмай, айналасындағыларға мән бермей, ашық түрде мастурбация жасап жатқаны көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, ол кезде саябақта бала көп болған. Шымкент қалалық ІІБ ер адамды ұстауға барлық күш жұмылдырылғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.

"2023 жылғы 14 маусымда әлеуметтік желілерде Шымкенттің орталық саябағында белгісіз ер адамның әдепсіз әрекеті түсірілген видео тарады. Бұл дерек бойынша Әл-Фараби АІІБ-нің қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын және оның тұрған жерін анықтауға бағытталған барлық қажет шараны қабылдап жатқанын хабарлаймыз", - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!