Шымкентте ер адам ірі көлемдегі есірткіні тауық қорада сақтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
46 жастағы ер адам бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған. Жазасын өтеп, бұрынғы әдетіне қайта оралған ол бұл жолы жауапкершіліктен құтыла алмады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жергілікті тұрғынның үйінің ауласындағы тауық қорадан есірткі затын тапты. Онда ер адам арнайы шұңқыр қазып, сол жерге 4 банка марихуана жасырған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,6 келі болды.
Қазір, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Қаратау аудандық полиция басқармасы "Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!