Шымкентте 12 сәуірге қараған түні тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар мұны байқап, өртсөндірушілерді шақырған.
17-шағынауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат 1 шамасында түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар жанып жатқан.
"Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды. Қалың түтінге байланысты өртсөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады", - деп хабарлады Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікті мөлшерден тыс қолданған. Оның пәтерінде бұған дейін де өрт шыққан, мұны көршілері дер кезінде байқап, аман алып қалған.
Өрттің нақты себебін және 61 жастағы ер адамның өлімін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!