Шымкент қаласының тұрғыны қаладағы кәсіпорындардың бірінде қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CMN.KZ-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда "Тассай тас" ЖШС аумағында болған.
Көлік жүргізушісі дизель отынының бөшкесін газ баллоны арқылы қыздырмақ болған. Салдарынан жанармай құйылған бөшке жарылған.
39 жастағы ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз