Шымкентте полиция қызметкерлері қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі қосылды.
Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болған. Күзетшінің бірі жарақат алған.
Оқиға орнынан қашпақ болған ер адамды патруль полицейлері мен Тұран аудандық полиция бөлімінің криминал полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ұстады.
Ведомство мәліметінше, шабуыл жасаған ер адам Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан аң аулауға арналған мылтық пен "Сайга" карабині тәркіленді.
"Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілі Салтанат Қаракөзова.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!