Шымкентте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған.
"Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жергілікті басылымдар мәліметінше, марқұмның артында бес баласы қалған. Ол 65 жаста болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова