Шымкентте ер адам көпірге шығып, секіргісі келген, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, ЖБО қызметкерлері өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған орта жастағы ер адамды бейнебақылау камераларынан байқап қалған.
Полицейлер дереу оқиға орнына барған. Олар ер адам көпір жолайрығының қоршауына шығып, төменде жүріп бара жатқан көліктерге қарай секіруге тырысқанын көрген.
Полиция майорлары Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов онымен әңгімелесуге тырысқан. Ер адам көпбалалы әке екенін, бірақ отбасына қатысты проблемаларға байланысты өзін-өзі өлтіруді шешкенін айтқан.
Осы сәтте полицейлер оны ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарып алған. Болған оқиғаның барлығы тәртіп сақшыларының бейнежетондарына түсіп қалған. Қазір ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.