Шымкентте үш адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған. Оның екеуі инфекциялық ауруханада ем алып, үйіне жіберілген, - деп хабарлайды Massaget.kz Otyrar сайтына сілтеме жасап.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тағы бір ер адам - Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды, онда ол үш күн жатып, қажетті ем алған. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанына қарамастан ер адам есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі таңда тағы бір науқас конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін. Оның талдау нәтижелерін мамандар тексеріп жатыр.
Айта кетейік, конго-қырым геморрагиялық қызбасын тарататындар - иксод кенелері. Кенелер жылудың басталуымен жануарлар мен адамдарға шабуыл жасайды. Көктемде наурыздан маусымға дейін және күзде қыркүйектен қазанға дейін кене шағу маусымы болып саналады.
Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинацияны орманшылар, аңшылар, геологтар сияқты аурудың табиғи ошақтарында көп жүретін қызметкерлер алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!