Әлеуметтік желіде жолдағы жанжалдың видеосы тараған болатын. Кадрларда ер адам көліктің жүксалғышынан қару алып жатқанын көруге болады. Осылайша, ол қарсыласын қорқытады. Барлығы мектеп оқушыларының көз алдында бооған. Полиция автоматпен қорқытқан шымкенттікті анықтады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Автомат шынайы қару ма, белгісіз. Полиция тексеріс тағайындаған. Телеарна мәліметінше, ер адамға мұндай әрекеті үшін 30 мың теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін.
"Осы дерек бойынша әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген азаматты анықтап, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, қаруға баллистикалық зерттеу тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Шымкент қаласы Полиция департаменті өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!