- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте ер адам...
Шымкентте ер адам жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған
Фото:
видеодан кадр
Шымкентте ер адам жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.
Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрысып, ағашпен ұрып, кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - дейді.
"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.
Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова