- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте ер адам...
Шымкентте ер адам адвокатпын деп алдап әйелден 7 миллион теңге алған
Фото:
depositphotos.com
Шымкентте ер адам адвокатпын деп алдап әйелден 7 миллион теңге алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ер адам өзін адвокат ретінде таныстырып, Шымкент тұрғынына бұрынғы күйеуінен баланы асырауға алимент өндіріп беремін деп уәде еткен.
"Қаскүнем өз "қызметін" 7 миллион теңгеге бағалаған. Оған сенген әйел ақысын төлеп, есесіне ешқандай заңды көмек алмаған. Ал қомақты қаржыны иеленген алаяқ байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан. Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтады", - делінген хабарламада.
Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазір соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова