Шымкентте ер адам TikTok-тағы тікелей эфир салдарынан 7 тәулікке қамалды

Шымкентте TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдеп нормаларын өрескел бұзған адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, тексеріс нәтижесінде құқық бұзған адам Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы екені белгілі болған.

"Ол сот шешімімен 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді полиция.

Полиция департаменті өкілдері әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде әдепсіз әрекеттерге бару жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!