Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, қайтыс болды. Оқиға "БИИК" тұрғын үй кешенінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.
— Полициялар келді ғой, бәрі осы жерде болды. Солар айтты.
— Не деп айтты?
— Барып ана жатқан пәтерін көріпті.
— Тағы не деді ол кісілер?
— Осы жерге 2-3 күн болып қалды-ау келгеніне ол баланың. Алдын көрменмін. Неше күнге алғанын білмеймін. 16-қабаттан түсті ғой.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16-қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша тіркелген.
"Аталған жайтты Тұран ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!