- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте Еңбек мобильділігі...
Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Фото:
Видеодан алынған кадр
Еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлық дерегі бойынша күдікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол "Бастау Бизнес 2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова