Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Мәйіт 17 қыркүйек күні таңертең пәтерден табылған. Өлім себебі әзірге белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланатынын хабарлады.
Қайтыс болған жігіттер – 21 және 22 жастағы студенттер. Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқитын.
"Студенттердің өліміне табиғи газдан улану себеп болуы мүмкін, өйткені пәтерде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Алайда оқиға орнын тексерген арнайы қызметтер ешқандай заңбұзушылықты таппаған", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!