- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте екі жігіт...
Шымкентте екі жігіт қоқыс жәшігін сындырған
Шымкентте қоқыс жәшігін сындырғандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде қаладағы аллеялардың бірінде қоқыс жәшіктерін сындырып жатқан екі жас жігіттің бейнежазбасы тарады.
Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде құқықбұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 21 жастағы қала тұрғыны және Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер азаматтарға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Заңнамаға сәйкес олардың әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынды.
Полиция құқық бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина