Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "103" қызметінен жазатайым оқиға туралы хабар Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне 15 қыркүйекте сағат 21:37-де жеткен.
Оқиға орнына барған жедел әрекет ету бригадасы шамамен екі жастағы баланың қолы электр еттартқышта қысылап қалғанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сабденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек берді.
Оң қолының бірнеше жері сынған баланы Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізген, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын шығарып алды. Бұл кезде бала наркозбен ұйықтап жатқан.
Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!