- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте екі бала...
Шымкентте екі бала суға батып кетті
Фото:
Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шымкенттің Қаратау ауданында суару арнасынан 2 жасар баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2021 жылы туған бала суға құлап, батып кеткен. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Арнаның тереңдігі - 50 сантиметр, ені - 1,5 метр.
7 тамызда Алматы тас жолының бойында қаланы тазарту жүйесінен өтіп бара жатқандар лотокқа түсіп, суға батып кеткен 2022 жылы туған қыздың денесін тауып алған. Бала да ата-анасының қарауынсыз қалған. Тазалау жүйесінің тереңдігі - 40 см, ені - 1 м.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан