Шымкентте жол белгісін қасақана бүлдірген екі адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі адам аулада орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жол белгісін қасақана бүлдірген. Оқиға түнгі уақытта болған және Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған.
Кадрлардан олар жол белгісін теуіп, әдейі зақымдап жатқанын көруге болады.
"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Құқықбұзушыларға әкімшілік шара қолданылды", - деді өңір полициясы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!