Шымкентте дизельді бөшкені газбен жылытпақ болған ер адам қаза тапты

Шымкентте дизель құйылған бөшкені жылытпақ болған ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға "Тассай тас" компаниясының аумағында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм дизель отыны құйылған бөшкені газ баллонымен жылытуға тырысқан. Сол сәтте жарылыс болып, 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған.

"Аталған жайт 8 желтоқсанда болды. Жұмыс жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!