Шымкентте демалыс орталығы өртенді

Шымкентте демалыс орталығы өртенді

Шымкент қаласының өртсөндірушілері демалыс орнындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаратау ауданында орналасқан, жұмыс істемейтін демалыс орталығында ағаш орындықтар өртеніп, артынша киім ауыстыратын бөлмелердің біріне ұласқан.

"Құтқарушылар 205 шаршы метр алаңда шақырту сәтінен бастап 30 минут ішінде өртті ауыздықтады", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова