Шымкенттік жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан бірнеше тұрғын газсыз қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы туралы полицейлерге 29 маусымда түскі сағат 13:30 шамасында жергілікті тұрғындардан шағым түскен. Олар белгісіз автокөлік тізгіндеушісі көшедегі газ құрылғысын соғып, оқиға орнынан кетіп қалғанын айтқан. Жол-көлік оқиғасынан соң бірнеше жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалған.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау испекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі ГАЗ-3302 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ер адам 4 шілдеда қала аумағында ұсталды.
Бұл дерекке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа жеткізілді.
Жинақталған материалдар сотқа жіберіліп, ал газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен көлік жүргізушісінен өндірілетін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!