Шымкентте біреудің көлігін ұрлап кеткен адам полицейлермен жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 9 мамырда болған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда апатқа ұшыраған.
Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, салдарынан көлікпен соқтығысқан.
"Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату жолын жаптық. Бұны жол қозғалысының өзге де қатысушыларымен қайғылы салдарды болдырмау үшін жасадық, азаматтардың амандығы үшін", – дейді офицерлер.
Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ер адам жауапқа тартылды.
Автокөлікті ұрлау жайтын Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеуде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!