- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте бір күнде...
Шымкентте бір күнде екі бала төртінші қабаттан құлап кеткен
Шымкентте бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Екі бала да ересектердің қарауынсыз қалған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші оқиға күндізгі уақытта №17 шағынауданында болған. Бұл туралы Дағдарыс жағдайда басқару басқармасына сағат 16.35-те "103" жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түскен. 2022 жылы дүниеге келген қыз бала 4-қабаттағы терезеден құлап, дереу ауруханаға жеткізілген.
Ал екінші оқиға "Спорт" шағынауданында кешкі уақытта болған. Бұл туралы да жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған. Төртінші қабаттан құлап кеткен 2019 жылы дүниеге келген бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, екі бүлдіршін де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Қазіргі таңда полицейлер екі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте алты бала терезеден құлап, екеуі қайтыс болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан