- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте бір жасар...
Шымкентте бір жасар бала ток соғып, қаза болды
Шымкентте бір жасар бала жеке үйлердің бірінде ток соғып, көз жұмды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші-диспетчерлік қызметке сағат 20.30-да баланың қаза болғаны туралы жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған. Қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған.
Г. Досымшалова"Үйде "Әсел" пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электр сымын қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында жан тапсырды. Нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды", - делінген хабарламада.