Шымкентте бойжеткен соңғы сәтте құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала көшелеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Мейіржан Пердешов пен Бексұлтан Мүсірәли Қонаев-Рысқұлов қиылысындағы көпір қоршауынан шығып тұрған адамды байқаған.
Қыз төменге секіруге бел буған. Жедел әрекет етудің арқасында инспекторлар оны ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Қазіргі таңда бойжеткеннің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
"Бір сәтке де баяулауға болмады. Әріптесіммен бірге адам өміріне араша түстік. Қайғылы оқиғаның алдын алып үлгердік. Бұл біздің перзенттік әрі қызметтік борышымыз", - дейді офицерлер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!