Шымкентте блогер ұсталды

Фото: Видео кадры

Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаладағы мектептердің бірінің өкілінің арызы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалаған күдіктіні ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.

"Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. ІІМ азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы да блогерлерді 10 миллион теңге алған кезде ұстады. Алматылық блогерлер де ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget