Шымкентте мектеп оқушысын жас жігіт тонап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғынының айтуынша, бейтаныс біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде ұрлап кеткен. 9 жастағы бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда оның жанына бейтаныс жігіт келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Күдікті нөмірді теріп жатқандай кейіп танытып, баланың ұялы телефонын алып қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған.
"Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті. Жедел басқару орталының бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында ұстады. Ол ұрланған смартфонды сатып үлгермеген екен. Гаджет тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - деп хабарлады полицейлер.
Жас жігіт бұл қылмысты жасамас бұрын із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Туыстары оны 3 күн бойы іздеген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!