- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте басқарма басшысы...
Шымкентте басқарма басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды
Шымкентте басқарма басшысы 1 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол қызметкерге қамқорлық көрсетпек болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетін тоқтатты.
Ол өзінің қарамағындағы қызметкерден еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!