- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте банк қызметкері...
Шымкентте банк қызметкері клиенттердің атынан 21 миллион теңгеге несие рәсімдеп алған
Шымкентте банк қызметкері клиенттердің үстінен 21 миллион теңгеге несие рәсімдеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданының 47 тұрғыны алаяқтың құрығына түсіп қалған. Олардың бәріне несиені төлеу қажет екені туралы хабар түскен. Ал несиені банк қызметкері алғаны анықталған.
Алаяқ 21 миллион теңгеге несие рәсімдеп үлгерген.
"Полицейлер бұл деректі "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеді. Күдікті ұсталды. Банк қызметкері болып жұмыс істеген кезде ол клиенттердің құжаттарын пайдаланып 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі сомаға кредиттер рәсімдеген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдужаппарова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина